Қазақстандық топ АҚШ-тағы FOX 13 арнасына сұхбат берді

ALPHA тобы АҚШ-тағы FOX 13 арнасына сұхбат берді

· 1 мин оқу
Материалға арналған кадр
Фото: Әртістердің баспасөз қызметі

ALPHA тобы АҚШ-тың FOX 13 Seattle арнасына сұхбат берді. Мақалада топтың музыкасы арқылы Қазақстанды халықаралық аудиторияға танытуға деген ұмтылығына назар аударылған. Топ мүшелері шығармашылықтарында қазақ мәдениеті мен заманауи музыканы үйлестіруге тырысатынын айтты. Топтың пікірінше, шетелдік аудитория Қазақстанды музыка арқылы танып, елдің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық таныта алады.

Материалға арналған кадр
Фото: FOX 13 Seattle

Қазақ мәдениетін музыка арқылы таныту

Сұхбат барысында ALPHA үшін маңызды ұғымдардың бірі — еркіндік екені айтылды. Топ бұл түсінікті қазақ халқының, көшпелі тарихымен, ата-бабаларының жерін
қорғауымен байланыстырады.

Музыкасын халықаралық тыңдарманға жақындату үшін топ қазақ және ағылшын тілдерін қатар қолданады. Сонымен бірге ALPHA шығармашылығы арқылы қазақ тілінің және ұлттық мәдениеттің ерекшелігін сақтауды мақсат етеді. Топ мүшелері алдағы уақытта халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, әлемдік тур өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

FOX 13 мақаласында ALPHA-ны соңғы «BUGIN TUNDE», «PUMP IT» және «QYZGANAMYN» әндері де аталды.

Дереккөз: FOX 13 Seattle

Соңғылары

Қазақстандық топ АҚШ-тағы FOX 13 арнасына сұхбат берді — Insider