GANI «Bolaiyn» әнімен жаңа шығармашылық бағытын бастады

GANI тыңдармандарына «Bolaiyn» атты жаңа әнін ұсынды. «Super Show» жобасы аясында жарық көрген композиция бүгінде миллиондық аудиторияның назарын аударып, әлеуметтік желілерде кеңінен таралып келеді.

· 1 мин оқу
Материалға арналған иллюстрация
Материалға арналған иллюстрация

15 қарашадан бастап барлық музыкалық алаңдарда тыңдауға болатын әнге желі қолданушылары видеорилстер түсіріп, өз нұсқаларын жариялай бастады. Осылайша «Bolaiyn» әлеуметтік желілерде біртіндеп трендке айналып, тыңдармандар арасында танымалдыққа ие болуда. Композицияның радиостанциялар эфирінен де шырқалуы әнге деген қызығушылықты арттыра түсті.

Жарияланымға арналған сурет

Бұл релиз GANI үшін жай ғана жаңа ән емес, шығармашылық жолындағы жаңа кезеңнің бастауы. Орындаушы «Bolaiyn» арқылы өз музыкалық бағытын жаңа қырынан таныстырып, тыңдарманмен байланысын жаңа форматта дамытуды көздейді. Әннің әлеуметтік желілерде таралуы мен оған түсіріліп жатқан видеолар осы бағытқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, GANI музыкалық индустрияда 10 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде орындаушы өзіндік аудиториясын қалыптастырып, отандық музыка сахнасында танылды. Ал «Bolaiyn» оның шығармашылық ізденісіндегі жаңа бағытты айқындайтын маңызды туындыға айналып отыр.

«Bolaiyn» әнін барлық музыкалық алаңдардан тыңдауға болады.

Дереккөз: PR

Соңғылары