SDU АҚШ-пен бірлескен MBA бағдарламасын ашады
Университет MBA in Digital Transformation бағдарламасын АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орнымен бірлесіп ұсынады

SDU University АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Нью-Джерси технологиялық институтымен (New Jersey Institute of Technology, NJIT) бірлесіп, MBA in Digital Transformation қос дипломды бағдарламасын іске қосады.
Бағдарлама «1+1» форматында құрылған: білім алушылар бірінші жылы SDU университетінде, екінші жылы АҚШ-тағы NJIT институтында оқиды. Бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектер екі университеттің дипломын алып, қос диплом иегері атанады.
MBA in Digital Transformation бизнесті цифрлық трансформациялау саласындағы басшылар мен мамандарға арналған. Бағдарлама халықаралық деңгейдегі білім алуға, жаһандық кәсіби желіге қосылуға және Google, Microsoft сияқты әлемдік технологиялық компанияларда мансап құруға жол ашады.
Бағдарлама туралы
Бүгінде дәстүрлі MBA бағдарламасының өзі жеткіліксіз. Сондықтан MBA in Digital Transformation менеджмент бойынша білімді жасанды интеллектпен ұштастырады.
Бағдарлама басшылар мен мамандарға компанияны цифрлық дәуірде басқаруға, технологиялық шешімдерді бизнес стратегиясымен байланыстыруға және өзгерістерді жүзеге асыруға қажетті дағдыларды береді. Оқу SDU университетінде басталып, АҚШ-тағы NJIT институтында жалғасады, ал түлектер екі университеттің дипломын алады.

Серіктестік қалай басталды
БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы мен Science Summit 2026 аясында Нью-Йоркте SDU University мен NJIT ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Біздің алғашқы бастамамыз — 1+1 қос дипломды бағдарлама. Біз NJIT-ті таңдадық, өйткені оның технологияға бағытталған бизнес-білім берудегі тәжірибесі біздің мақсатымызға сай келеді
Бағдарлама бойынша қызықтыратын сұрақтарыңызды WhatsApp нөміріне жаза аласыз: +7 702 000 1133.



